Кіршіксіз Рамазан. Рамазан айы аяқталғанда өзіңді айыпты сезінудің 10 себебі
Сонымен, Рамазан айы өтіп кеткен соң өзіңді айыпты сезінудің сыры неде? Мен оның 10 себебін таптым: 1. Шектен тыс бір мүмкіндіктерді күту: Жыл сайын Рамазан айында шектен тыс мүмкіндіктер күтеміз. Қанша рет адамдардың «осы Рамазан айында Құранды толығымен 5 рет оқып шығам», «Рамазан айының әр түнінде тарауих пен тахаджуд оқимын» деп өз-өздеріне сөз бергенін естідің? Биік шыңдарға ұмтылудың еш сөкеттігі жоқ, алдымызға асқақ мақсаттар қойып, өз өзімізді жетілдіре түсуіміз керек. Алайда, өзіңді біле тұра, орындалуы мүмкін емес мақсаттар қоймау керек. Бұлайша өзіңе психологиялық қысым жасауға...