Кіршіксіз Рамазан. 4 КҮН
Кіршіксіз Рамазан. 4 КҮН

Рамазанның әр күнінің соңғы 10-15 минутын сол өткен күнге шолуға арнағын! (Мұны ойша немесе жазбаша жасауға болады).

Егер күнің пайдалы өткен болса, ненің дұрыс өткенін өзіңнен сұра! Бұл күннің пайдалы өтуіне қандай ингредиенттер көмектесті? Бұл тәжірибені күнде қалай қайталап тұра аласың? Аллаһ Тағала саған осындай күн нәсіп еткені үшін рахметіңді де ұмытпа! Егер тиімсіз әрі өнімсіз болса, ненің бұрыс болғанын өзіңнен сұра! Осындай сәтсіз күннің Рамазан айында енді қайталанбауы үшін не істей аламын дегін. Аллаһ Тағаладан алдағы күндерді тиімді өткізуге көмек сұра! Ниетіңді жаңала және өмір нәсіп болса, келесі күннің жақсы болатынын сеніммен күт! Рамазын айында әр күн сайын тұрақты даму мен ілгерілеуге ниеттенсең, сонда иншаллаһ, соңғы 10 күнде өз деңгейіңнің шыңына жетесің! 

 

 

www.ProductiveRamadan.com 

Қазақ тіліне аудару жұмысының жетекшісі әрі редакторы: Тимур Бектұр 

 

 

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
7 жыл бұрын 2944
0 пікір
Блог туралы