Кіршіксіз Рамазан. 14 КҮН
Кіршіксіз Рамазан. 14 КҮН

Біз міне, Рамазан айының ортасына да жеттік. Енді рухани байлығымызға, денсаулығымызға және қоғам үшін пайдалы жұмыстарымызға баға беретін кез келді. Осы уақытта адамдар әдетте үш түрлі категорияға бөлінеді:

1-категория: Бұл категорияда Рамазан айын жақсы бастап жақсы жалғастырып жатқандар. Олар осы айды жақсы бастап, осы айды сауапты өткізу үшін бәрін істеп жатқан адамдар.

2-категория: Бұл категорияда Рамазан айын жақсы бастап, бірақ кейін жақсы амалдарын ақырындап азайтатын адамдар. Олар бұл айды ерекше жақсы бастайды, бірақ уақыт өте өздеріне бей-жай қараушылар. Олардың күнделікті әрекеттері көңіл қуантарлықтай болмайды.

3-категория: Бұл жерде Рамазан айын жақсы бастай алмай, ары қарай ораза ұстай алатындарына күмән келтіретін адамдар.

Бірінші категориядағы адамдардың төзімділігін Аллаһ Тағала қуаттасын! Оларға нәтижелі еңбек нәсіп етіп, дұрыс жолдан тайдырмасын! Хадисте айтылғандай Аллаһ Тағала тұрақты жасалатын игі амалдарды жақсы көреді.

Екінші категориядағы адамдарға да еш қорқыныш жоқ. Оның орнына келесі он күнді барынша нәтижелі өткізуге өздерін бағыттап, қандай нәрселерді өзгерту керектігіне баға бергендері дұрыс. Үмітті үзбеген жөн. Осы айдың ең жақсы бөлігі Аллаһ Тағала қаласа енді енуде.

Үшінші категориядағы адамдарға қазірден бастап жақсы амалдарға бет бұру керек. Қазір тұра сала дәрет алып, екі рәкағат намаз оқып, Аллаһ Тағаладан көмек сұрап, Рамазан айын барынша сауапты өткізуге дұға ету керек. Егер олар осылай жалғастыра берсе, Рамазан айы өтіп кеткенде үлкен өкінішке тап болады. Бірақ ол кезде тым кеш болады және осындай жағдайда олар өздерінен басқа ешкімді де кінәлай алмайды.

Ал, сіз қай категорияға жатасыз? 

Рамазан айын сауапты өткізуге негізгі кедергі – сауапты амалдарды жасаудағы тұрақсыздық. Егер саған Рамазан айының басында оп-оңай жасап жүрген сауапты амалдарды іске асыру, Құран оқу және 8 ден 20 рәкағатқа дейінгі тарауих намазына тұру қиындап жатса, онда бұл істеріңді тоқтатпас бұрын, біздің кеңесімізге құлақ түріп көр: ТҰР ДА, АМАЛ ЕТ!

Ең алдымен кішкентай игі амалдардан баста, бастысы, алғашқы қадамды жаса! Құран аяттарын оқи баста! Екі рәкағаттан тұрып тарауих намазын оқы. Сауапты амалдар жасап, садақа таратумен айналысып жүрген адамдардың қатарына қосыл. Бос уақытыңды осылайша өткізіп, өзіңді ізгі амалдар жасап жүрген жандармен қорша. Бір бастасаң, жүрегің мен бар ойың осы үрдісте болады. Тек қана бірінші қадамды жасай білу керек.

Жақсылық жасаудағы «физикалық» кедергіні аттап өткеннен кейін, ментальды барьерден өтетін уақыт келді. Өзіңнен былай деп сұрап көр:

 Сауапты амал жасаудағы алғашқы қадам несімен жаман?

 Осы кезге дейін маған не кедергі болды?

 Игі амал жасап жүрген жоқпын-ау деген сезімнен қалай құтыламын?

Біз бұл сұрақтарға жауап бермейміз. Бұл сұрақтар Саған арналған. Сен Рамазанның басында сезінген сезімді сағынатын боларсың, тек ең бастысы қазір ораза тұта алмаймын деген ойдан аулақ бол!

 

www.ProductiveRamadan.com 

 

 

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
7 жыл бұрын 3367
0 пікір
Блог туралы