Кіршіксіз Рамазан
Кіршіксіз Рамазан

Рамазан айын кіршіксіз өткізгің келе ме? Молынан жасалған ауызашарлардың кесірінен семіргенді қаламайсың ба? Келесі күні шаршап, болдырмау үшін сәресін өткізіп алғанды қаламайсың ба? Бір айда Құранды хатым еткенді қалайсың ба? Барлық парыз, нәпіл және тарауих намаздарын уақытымен және ыждахаттылықпен оқығанды қалайсың ба? Рамазанның соңғы күндерінде де ғибадаттарыңа ықыласты болғанды қалайсың ба? Мұның барлығы мүмкін емес секілді көріне ме? Ендеше ары қарай оқи түс...

Бәрін ертерек бастағанда ғой...

Әр Рамазан сайын осы бір сөздерді айтасың да жүресің:. "Рамазанға ертерек дайындалып бастағанда ғой..."

"Айтқа дайындықты Рамазаннан бұрын бастағанда ғой..."

"Тахаджутқа тұрып, таң намазына дейін оянуды әдетке айналдырғанда ғой"

"Ораза туралы толығырақ мәлімет алғанымда ғой, осынша жауапсыз сұрақтардың құрбанына айналмас едім..."

Осылайша кейінге ысырулардың (прокрастинация) нәтижесі не? Төмендегі оқиғаға көз сал. Бәлкім сенің де жағдайың осыған ұқсас болар:

Ахмед & біздің әдеттегі Рамазан

 Радиодан Рамазан айының келгенін естігенде оның қуанышында шек болмады. Көзіне жас келіп, жүрегі «әлхамдулиллаһ» (Аллаға шексіз шҥкіршілік) деп соқты. «Аллаһ Тағала маған Рамазаннан Рамазанға аман-есен жетуімді нәсіп етті» деді. Ахмед осы күнді күтіп жүрген еді. Рамазанның басталуын күткен еді. Әсіресе осы жылы. Ол өз дінін жақсырақ түсіне бастаған болатын. Енді сол оқыған-тоқығанын іске асырып, Рамазанды шынайы түрде өткізуді, рухани бір жаңғыруды қалаған еді. Ол тарауих намазына дайындық жасау мақсатында үстіңгі қабаттағы бөлмесіне жүгіріп барып, ғұсыл алып, жақсы киімін киіп, әтірден әбден септі. Тіпті оның иісін төменгі қабатта жүрген анасы анық сезді. "Ахмед! Жарар! Әйтпесе жүрмелі әтір дүкеніне ұқсап кетесің. Төменге түс. Кешкі асың дайын". "Келе жатырмын, анашым". Оның жүзі бал-бұл жайнап тұрды. Оның отбасы Рамазанға әбден дайын отырған жас мұсылманды көріп қаты қуанды.

*****

..Ол оразаның 7-күніне жетті. Алайда барлығы алғаш басталғандай емес... Сәресін өткізіп алады, таң намазына ұйықтап қалатын болып жүр. Жұмысы да көбейіп, кейде тарауихқа да бармай қалады. Ауызашарларға да жиі барғандықтан ондағы дәмді тамақтардан бас тарта алмай жеп, тарауих намазының 2 рәкағатын әрең оқитын болып жүр. "Маған не болды? " деп сұрады ол өзінен "Оразаның берекетінен құр қалудамын. Рамазан басталған кездегі жайым далада қалды" Ол жағдайдың нашарлап бара жатқанын сезді. Бүгін Рамазанның 15-күні. Ол болса Құранның алғашқы 10 парасын әрең бітірді. Апта соңында біраз өндіріп қалуды көздеп, өзіне уәде етеді. ..Оны бір апта бойы мезі қылған жұмыс. Ықыласы да бұрынғыдай емес, ауыз бекіту де оңайға соқпай бара жатыр. Бастығы да мұның тірлігіне разы болмай жүр. Ол өзін нашар сезінуде. "Бұл да бұрынғы Рамазандар секілді өтетін болды" Ол соңғы кезде өзіне қатты салмақ салуда: ауыз ашар, тарауих, сәресі. Қайталану. Бұл оны бағамдап үлгеремін дегенше, ораза да бітті. Рамазан аяқталды, ал ол оның пайдасын көре алмады. Рамазан аяқталды, ал ол рухани жаңаруды сезіне алмады. Рамазан аяқталды. Ал ол өзін кінәлі сезінді. Оның көңілі шынымен түсіп кетті. Өкінді. Сонан соң өзіне уәде берді. “Осыдан келесі Рамазан басталсын, кіршіксіз қылып өткіземін!”

Ұқсас жағдай ма? Жоғарыдағы бұл мысал шартты түрде алынған. Алайда біздің көпшілігіміздің басымыздан дәл осындай оқиғалар өтеді. Рамазанды соншалықты ынтыға күткенімізбен бірнеше күнге ғана жеткен жігеріміз артынша-ақ жасып шыға келеді. Сөйтіп, басталмай жатып Рамазанымыз аяқталады да өзімізді іштей айыпты сезінеміз. Сонан соң өзімізді «Келесі жылы оразаны жақсылап ұстап, келесі Рамазанды дұрыстап өткіземін» деп жұбатамыз. Бірақ бәрібір осыны қайтадан бастан кешеміз. Мен мұны «Айыпқа толы Рамазан сапары» деп атаймын. Мәселенің байыбына бармай тұрып, саған бір сұрақ қойсам деймін: Өміріңде қанша Рамазан бар? 40 Рамазан? 60? Бұл соншалықты көп пе? Егер біз өзімізге берілген осы аз ғана Рамазандарды Ақыретіміз үшін пайдаланбайтын болсақ, әрбір тозаңдай сауапты амалға мұқтаж болғанымызда, Сұрақ-Жауап күнінде құдіреті күшті Алланың алдында қалай тұрамыз? Ойланғайсың!

Жалғасы бар... 

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
7 жыл бұрын 4193
2 пікір
  • Оразаңыз қабыл болсын. Бұл еңбектің авторларын көрсетуіңіз керек еді. Әйтпесе, өзіңіз жазған секілді боп қалыпты.
    7 жыл бұрын
    • Әумин, Алла қабыл етсін :) 30 күндік оразамызды сіздер ұсынған тамаша кеңестерге амал ете жүре ақыретімізге аттандырған соңғы күні өзіңіз бастаған аудармашылар тобына екі ғұмыр жетістігін тілей отыра алғыс айтпақ ниетім де жоқ емес (еді) ... "Дайын асқа тік қасық" демеңіз, еңбектеріңіз жемісті болсын!
      7 жыл бұрын
Блог туралы