...Қыз ғұмыр...
Сырыңды шертші мұңды бір,
Қосыла саған сыздасын «сыбызғының» үні бір.
Қыз ғұмыр...
Қисайған қабырғадан жаралғанбыз- міні бір,
Қалт етсе, шорт сынады- мұны біл!
Бәйшешек қыз ғұмырдың
Түрейін түңлігін жасырған сыр.
...Қыз ғұмыр...
Алдыңда асулар тым
Жасырған жасындарын,
Жалт етсе, нұр демегін
(Мен солай жасып қалдым, тасып қаным)...

 
        
		 Айгерім Есқожаева
Айгерім Есқожаева  
                        
                         
                                 
                                 
                                 
                                 
                                