Күнделіктен алынған үзік сыр...
Күнделіктен алынған үзік сыр...

...Менің жанымда менің Күйеуім, балаларымның Әкетайы бар. Иә, ол маған оған тұрмысқа шығуыма ұсыныс жасап, отбасымен, тіпті итімен де таныстырған болатын ;)
...Тамақ әзірлеп, кір жуып, күйеуімнің жейдесін үтіктеу – менің тарих мойындатқан міндетім. Осы тірліктен нағыз әйелге тән бақытты көремін, яғни күйеуіме қызмет қылу бақытын. Күйеуің батыл, күшті, тіпті қаталдау да болғаны дұрыс деп санаймын. Себебі, менің аялауды қажет етіп тұратын нәзік әрі қорқақтығымды сездіру үшін. Тіпті мен күшті болып тұрсам да, әлсіздігімді сезінуім керек...

Біз біргеміз, олай болса бір- бірімізді құрметтеуіміз қажет әрі өз таңдауымызға құрметпен қарауымыз қажет. Егер ол бір себептермен далада жүріп қалар болса, жолына елеңдеумен боламын... 

Артында тұрып, әр намазда онымен бірге сәжде жасаудың өзі маған берілген үлкен нығымет. 
Алланың ұлылығы мен Құранның тәттілігін сезіндірген Отбасымның тірегінің титтей ғана жәрдемшісі болғым келеді...

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
9 жыл бұрын 3639
0 пікір
Блог туралы