Жуырда әйелдерге арналған сайт ашылады
Жуырда әйелдерге арналған сайт ашылады

Арлы, тәрбиелі және өз ошағына берік әйелдің үйі – Жәннаттың бір бұрышы. Ол жерден шыққан баланың уілі, отағасының емен-жарқын күлкісі және ананың мейірімге толы үні бейне бір жәннат тұрғындарының салған әндері мен Кәусардың сылдыр қаққан үніндей. Тәңірдің ырыздығы жауып, ырыс дарыған ошақ – суреттеуге тіл жетпес нағыз Жәннат бағы.
Әйелдерге қорған боламын деп өзеуреп, олардың құқығы мен еркіндігінің жақтаушылары болғандардың көпшілігі олардың тәндік құмарына шоқ тастап, рухтарына қанжар сұғып жаралаумен ғана айналысуда. Өзін де, ұрпағын да ізгілікке тәрбиелеген әйелдің береке-құт қонған ошағына ешқандай кесел жоламайды, ол ол ма, кесел меңдеген жарымжан пенделердің өзі ондай ошақтан жанға дауа, тәнге шипа табады. Әйелді періштеден де мерейін асыратын қасиеттер – оның ішкі дүниесінің тереңдігі, намысы мен парасаттылығы. Намысы тапталып, өсекке ілінген әйел жалған ақша сияқты, ал жеңілтек әйел болса – масқараға айналған қуыршақ қана. Осындай азғындаған әйелдер үстем ортада түтіні түзу ошақ, салиқалы ұрпақ туралы ойлаудың өзі мүмкін емес...
Әйелдің қолынан тастамай оқитын кітабы – «қоғамдық тәрбие» кітабы. Алайда, оны мінсіз әрі толық жазылып бітті дей алмаймыз. Қазақ қыздары мен әйелдерінің «қоғамдық тәрбие» кітапшаларына үлес қосу мақсатында рухани- танымдық http://muslimat.kz әйелдер сайты жуырда іске қосылмақшы. 

Ислам ғұламалары мен дін басында жүрген Қазақстандық ұстаздарымыздың аудио- және бейнедәрістері, ислами тақырыптағы мақалалар жарияланатын сайт сілтемесі сіздің әзіріңізде. Мұнда сіз көкейіңізде жүрген күрделі сауалдарыңызға тұшымды жауап алып қана қоймай түйткілді діни тақырыптарды форумда талқылау мүмкіндігіне де ие боласыз. Қыз балаларымыздың діни сауатын арттырып, дұрыс дағуат жеткізу мақсатында іске қосылатын сайт ұжымының жұмысы ұстаздардың жіті бақылауында болады.

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
9 жыл бұрын 4497
4 пікір
Блог туралы