Орамал тарту - кіндік ашу емес
Орамал тарту - кіндік ашу емес

Осы уақытқа дейін әпке-қарындастарымыздың орамал тарту мәселесі көптеген жерлерде түрлі дау тудырғанын білесіздер. Әлі де тудырып жатыр. Бірақ орамалдың еш кінәсі, күнәсі де жоқ еді. Бұл біздің кінәміз! Дін Ислам таза, біздер ласпыз! Әншейінде қажетханада жабысып тұратын қыз бен жігіттің ұятсыздығына ләм-мим демейтін мектептегі «дәстүршіл» директордан бастап ұстаздар қостап, кіндік жауып, боянбауға келгенде қабырғалары қайысып қалмасы бар ма! Ұзын көйлек киіп, шашын жинаған әпке-қарындастарымыздың әрекеттері ең алдымен кешегі сананы құлдыққа бастау уақытында талай сұлулардың етегін көтеріп үйреніп қалған кейбір ақын-жазушы, «тарихты, мәдениетті сүйген» интеллигенция өкілдеріне әбден ауыр тиді. Себебі ондайлардың көбісі жалаңаштықтан шабыт алып, шайтандарға «шашу шашатын». Енді мынау тәуелсіздіктің заманы туғанда дініне орала бастаған «опасыздарды» көріп жүректері тыным таппай, жандары қиналып, ұйқысы қашып  жүргені өтірік пе?

Ащы да болса шындық, батыстың аса қауіпті індеттерін жұқтырған қыз бен жігіт, арды ұмытып, жыныстық қатынасқа барады. Одан кейін жігіттің аулында үлкен той болады. Себебі зар жылаған тентектің әке-шешесі той жасамай тағы отыра алмайды. «Менің балам білім алып жүр» деген сияқты мақтау-марапатқа ие болып жүрген ұлдары білместікпен бір бәле жасап қойыпты… Жоқ, білмесе қайдан жасасын. Жұрт алдында ақталғандары ғой. Жалғызының бұзықтығын дұрыстыққа санап, «көп ұзамай немерелі» боламыз деп қояды.

«Әр адам ойпікір, арождан және дін бостандығына құқығы бар; бұл құқық өз дінін немесе нанымсенімін өзгерту еркіндігін, өз дінін, нанымсенімін жеке өзі, немесе басқа адамдармен бірігіп тұтып, жария түрде, немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, діни салтжораларын орындау бостандығын да қамтыйды.» Әй, Құдайдың сөзіне тоқтамағандар Атазаңды қайтсін!.. Қыдырыстың қызығын көремін деп жүргенде арынан айырылып, адамдық тұрғыда дамудың алғашқы баспалдағы осы деп жүргендер дәстүріңді керек ете ме? Тарихын танып, онымен көктей бастаған қаракөздеріміз сабаққа кірерде жұмысқа келе бермейтін директорлардың жазбаша рұқсат қағазын талап етті кей ұстаздар. Жабыстырып шалбар киіп, «менің іш киімімді көрдің бе» дегендей ұятты жағдайды жасап жүргендерге ешқандай түсініктеменің қажеті болмай қалды. Қаласаң мұрныңа сырға тақ, кіндігіңнен «айналайын»! Себебі олар заманауи жандар санатына кіргізіліпті. Қазақстан  мұсылман мемлекеті емес деген сөз білгеніңді істе, көрінгеннен көтерем болып қал деген сөз емес емес еді!

“Ау, замандас, анықтап қарашы, айналаңда осындайлар көп пе екен?”  немесе Нүркен  Әліке қозғаған ой

Ақ  сақалды, сары тісті  қариялар жатқан бір қазына еді мен үшін. Олар бас қосатын жер ілім мен білімнің, тарих пен шежіренің алтын ордасы іспетті еді.  Аталарымыздың даналығы сондай тіпті ауыл әкімдері келіп олармен көп жағдайларда ақылдасып кететін. Мектептерде арнайы кездесу шаралары жиі ұйымдастырылатын. Ақсақалдарымыздың ғибратқа толы әңгімелері көп болатын, ал балалар болса естіген әнгімесін жылдап жырлайтын… Қазір ше? Айналамызда тек торсық қарын, қутың көз, сасық ауыз шалдар ғана қалды. Қолдарын қалталарына салып алып , шырт түкіріп  өздерінің қыздарындай қыздарға қырындап тұрғандары. Қауқары жетсе…

Бір күні әкеммен  шамалас санасына сайтан құрық салған бір ер адаммен сұхбаттасып қалған едім. Оның ойлау қабілеті, түсінігі тіптен өзгеше боп шықты. Қыздарымыздың уақыт өткен сайын жалаңаштануы белең алып бара жатуы қалыпты нарсе боп көрінеді екен. Өзінің де қызы бар, бірақ мен оған орамал таққызбаймын дейді. Жүрсін, көрсін. Сол жерде ол кісімен біраз сөйлескесін алдына Құраннан аяттар келтіре отырып  сабырға шақырмақ боп едім… «Мен сенбеймін!» деп қойып қалды. Біртүрлі денем түршігіп, жиіркеніп кеттім. Сәлден соң есік жақта жартылай жалаңаш бір қыз бала кетіп бара жатыр еді, жаңағы ағамыз соған көзін салып, мас боп тұрды да қалды. Осы сәтті пайдаланып: «Қайда қарап қалдыңыз, менімен сойлесіп тұрған жоқсыз ба?» дегенімше болмады: «Тәні әдемі ғой, сенін қай жеріне қарайды екем, бәрі жабық» – деді.  «Аға, сіздің қызыңыз да осылай киіне ме?» – деп сұрадым. Ол жұлып алғандай: «Әрине, онда тұрған не бар!» – деп жауап берді.  Мен оған : «Сіздің қызыңызға да дәл сіз секілді бір еркек осылай қарайды ғой, бір емес бірнешеуі. Сонда да осылай киіндіресіз бе?» – дедім. Менің сөзім намысына тиді білем: «Дәрежең төмен біреусің» – дей беріп еді, сөз бастаған жерінен әңгімеміздің нүктесін қойып тастадым: «Қателесесіз, Алла тағала менің дәрежемді көтергені соншалық, тіпті Құранға сенбей тұрған өзіңіз маған тура қарай алмай тұрсыз» – дедім. Әлгі кісім екі беті қызарған бойы жерге қарап қалды. Ұяты бар екен…

Қазір қалалы жерде дәл осындай шартық шалдар көп. Түріне қарасаң – қырмасақал-кемпірбет. Аталы сөзден, иманды істен мақұрым қалған. Таңның атқанына, күннің батқанына тоқмейіл. Айтары – төсек төңірегіндегі әңгімелер. Мастанары – қулық-сұмдықпен құралған дәулеті.  

Ау, замандас, анықтап қарашы, айналаңда осындайлар көп пе екен?

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
10 лет назад 4786
1 комментарий
  • Карындасым, ащы да болса шындык айтып отырганын. Кунде кездесип журген коринстер. Кортык шалдар мен мыртык какпастар да кетер бул жалганнан. Кейинги урпакка Алла Тагала тауфик берсин!
    10 лет назад
О блоге