ОРАМАЛ ТАҚПАЙТЫН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР АЙТАТЫН 10 СЫЛТАУ
ОРАМАЛ ТАҚПАЙТЫН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР АЙТАТЫН 10 СЫЛТАУ
  1. Міндетті түрде орамал тағу керек деп санамаймын.

Адам баласы Аллаға иман етіп, өзінің діні Ислам екенін мойындаған кезде оны өзінің өмір сүру негізі мен жүйесі деп қабылдайды. Орамал (хиджаб) – Ислам дініндегі бұйрық, Аллаға иман келтіру де – Оның бұйрықтарын орындауға талпыну. Құранда былай делінген: «Шын мәнінде мүміндер, араларына үкім беруге шақырылғанда, олардың сөздері: “Естідік, бой ұсындық” деу болады. Міне бұлар құтылушылар» (Нұр сүресі, 51 аят)

2) Ата- анам орамал тағуыма қарсы, оларды тыңдамасам да болмайды….

Қыз бала ата- анасын тыңдауы керек те Аллаға бағынбауы керек пе? Сіздерді және ата- аналарыңызды кім жаратты? Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Жаратушыға бағынбау үшін жаратылғанға бағыну жоқ».

Жаратушының: «Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба!…» деген әміріне қарсы келмесе ғана бойұсыну керек.

3) Жұмыс орнымда орамал тағуыма рұқсат бермейді.

Мұсылман қыз үйінен ұнамсыз киіммен шығуына рұқсат етілмеген, әрбір мұсылман қыз мұсылманның киім үлгісінің айнасы болғандықтан, мұсылманға сай киініп, Алланың разылығына жетуге тырысуы керек. Егер жұмыс орныңызда рұқсат етпесе, басқа жұмыс қарастыруға тура келеді, себебі жұмыс ұсынушы адам сіздің біліміңіз бен біліктілігіңізді бағалап, діни құқығыңызды таптамауы қажет.

«Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады.

Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді( «Талақ сүресі, 2-3 аят)

4) Орамалмен ыстықтаймын.

Шайтан әйел адамды небір әрекеттермен азғырып, тура жолдан тайдыруға тырысады. Сол кезде ол әйел ақтала бастайды. Орамал әр түрлі матадан тігіледі, олар ыстықтатып қана қоймайды, ыстықтан қорғайтын да матадан тігіледі. Сыртқы қиыншылықтар – бұл сынақ, сол арқылы біз өз жолымызды таңдаймыз.

5) Орамалды таққан соң, шешіп тастаймын ба деп қорқамын.

Егер адамдардың барлығында осындай логика болатын болса, онда олар ешқашан құлышылық жасамайтын еді. Адамдар намазды тастап кетуден қорқып, оны бастамайтын да еді. Орамал тағу – бұл сырт көз үшін орамалды басқа байлай салу емес, бәлкім, бұл ішкі жан- дүние, дүниетаным және ұстаным. Осыларға қол жеткізгеннен соң ешкім оп- оңай бас тарта сала алмайды. Мүмкін, алғашында белгілі бір қорқыныш болуы ықтимал. Егер сіз Алланың бұйрығын басшылыққа алар болсаңыз, иманның дәмін сезесіз әрі Жаратушының әмірінен аттап кете алмайсыз.

6) Орамал тақсам тұрмысқа шыға алмай қаламын.

Жаратушының әмірлерін орындамайтын күйеуді қалайсыздар ма? Кез келген иманды ер азамат Алла разы болған отбасы құру үшін діндар әйелді жар еткісі келеді. Егер сіз Алла разы болған отбасыдағы бақытты, некедегі бақытты армандасаңыз Оның әміріне бойұсынып, иманыңызға жәрдем беріп отыратын діндар адамды іздеуіңіз қажет. Әркім іздегеніне жолығады дегендей, орамалда жүріп сіз де, дінді бірінші орынға қоятын адамды жолықтырасыз.

7) Алла берген сұлулығымды жасыра алмаймын.

«Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін» (Нур сүресі, 31 аят)

Орамал әйел адамның сұлулығын жасыруға қабілетті емес, ол тек сол сұлулықты Жаратушы Өз даналығымен бекітіп берген мөлшерде ғана көрсетеді.

8) Алла қалаған күні орамал тағамын.

Алла тағал сізді мұсылман етіп, Өзінің әмірін түсіргені Алланың қалауы емес деп санайсыз ба?

9) Мен әлі жаспын, жасым жеткенде тағамын орамалды.

Сіз қартайған шаққа дейін өмір сүретініңізге кепілдік бересіз бе? Жоқ, ешкім бере алмайды. Алладан өзге ешкім адамның қанша ғұмыры қалғанын білмейді. Сондықтан да, уақыты келгенде киемін деп жүрген жандар сол күннің туатынын я тумайтынын білмейді емес пе?

10) Адамдар не ойлайды?

Бәлкім, бұл көп қыздарымыз орануға қорқатын бірденбір себеп. Орамал – құлшылық, ол адамдардың және өзінің де көзқарасына тәуелді емес, себебі оны Алла тағала бұйырды. Жаратушының разылығына жету жолында және де Оның мейіріміне, Жәннатына үміт еткен адам таңдау жасауы қажет. Айырықша құқықтарды анықтап, сіз үшін маңыздысын ұстаныңыз

 

www.muslimat.kz

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
8 лет назад 7615
14 комментариев
  • Үйде жалғыз асыраушымын...
    8 лет назад
  • Жақсы екен, бірақ озим такпайм, бұл сылтауларды да айтпайм))))
    8 лет назад
  • Мұнда бәрінен бұрын бірінші сылтауға сақ болу қажет. Орамал-діндегі бұйрық, яғни парыз. Ал дінімізде бір парызды мойындамау адамды діннен шығарады.
    8 лет назад
  • Қандай жағдайда да ризықты беруші Алла. Оның барлығын түсінемін. Бірақ неше рет оқталып, тағуға батылым жетпеді ((((
    8 лет назад
  • Негізі 3-пункт қиналатыным.
    8 лет назад
  • Орамалдың парыздығының өзінде басқа парыздардан ерекшелігі бар. Кәлимә шәхадәттан кейінгі қалған 4 парыз белгілі себептермен адамның мойнынан түсетін жағдайлар кездеседі. Адамның қаражаты жетпесе, жағдайы келмесе, зекет пен қажылық парыз болмайды. Денсаулығы жарамаса, ораза парызы түседі. Басын көтере алмайтындай қатты науқас болса, намаз парызы да түседі. Ал орамалға мұндай шектеулер жоқ, ол әрдайым қала береді. Мұның өзі көп нәрсені айтып тұрғандай...
    8 лет назад
О блоге
Прямой эфир