Әдеттегідей таң атты. Күннің алғашқы шапағы жерге енді ғана түсіп жатыр, қаңтардың аязды желі соғып тұр. Әр жерден құстардың сайрағаны естіледі. Табиғат керемет болып тұр еді.
Бірақ, жан дүниесі... біртүрлі мазасыз. Бүгін айтарлықтай түс те көрмеген еді, сонда да жүрегінде маза болмай тұр. Ол терезеге қарап тұрып, мынандай ойға кетті....
...Күнде, таң ертең әдеттегі нәрселер қайталанады: жуынамыз, тісімізді тазалаймыз, таранамызда, міндетті түрде айнаға қараймыз. Егер әдемі көрініп тұрсаң, қуанып қаласың. Бір таңқаларлығы, сырт келбетімізді әсемдеу үшін қанша уақыт болса да бөле аламыз, алайда ішкі дүниемізге қарамаймыз. Айна алдында сәнденіп тұрып, өзімізге сынай қараймыз. Бәрі жақсы. Ал жан дүниеміз ше? Көзімізге үңіле қарағанда не тұр... есіңде ме, бір апта бұрын күйеуіңмен ренжіскен едің ғой... Жанжал басылды, араларың жарасты, бірақ есіңе түсір: сен кешірім сұрадың ба? Көздерің саған жауап береді, себебі жүрегіңнің халін сол жерден көруге болады. Сен жақындарыңның жанын жаралаған кезде ол мазасыздық күйін кешеді. Көздерің бір апта бұрын таң намазына әзер тұрғаныңды есіңе түсіреді. Неге? Себебі түнімен теледидар көргенсің. Қызықты фильмді соңына дейін көру өте маңызды ма? Ал кеше көршіңе ашуландың. Жүрегіңде үлкен дақ қалды... көздеріңе қарашы, бір нәрсе жылтырайды ғой, көз жасыңды көріп тұрсың ба? Сен оны жасырып қалдың. Жасырдым деп ойлайсың ба? Бекер. Жүрек ұзақ төзе алмайды. Сен еңіреп тұрып жылайсың немесе сен... мейірімсіз болып кетесің.
Бүгін тағы да айнаның алдында тұрсың. Әдемі орамал, үстіңде ұзын көйлек – сенің сырт келбетің шариғатқа толық сай келіп тұр. Ал өзің ше? Сен кімсің? Шынайылығың қаншалықты? Ойланып көр, ұзақ уақыт бойы сенің ішіңде отырған әрі терең дем алуға мүмкіндік бермей жатқан бір түйір ет шөлде пайда болған ба еді? Қалай ойлайсың, ол қайдан келді? Сенің амалың, ойың, бәрі де Жаратушыдан сені алыстатып жатыр. Ал сен оны байқамауға тырысасың.
Өзің шаршаған жоқсың ба? Өзгелердің кемшілігі мен қателіктеріне сабырмен қарай алмайсың, дүниеге байланып, ақшаның соңынан қуудан шаршамадың ба? Әдемі заттар мен адамдардың жылтырағына таңдай қағудан әрі олардың рухани аштығынан шаршамадың ба? Өзіңнің зұлымдығыңнан, қызғаншақтығыңнан, реніш, мұң, жалқаулықтан? Өзіңді мойындауға қорқудан жалықпадың ба? Басыңа шәлі жапқаныңмен, оны жан дүниеңе де жабуды ұмытудан шаршамадың ба?..
...өзін өзі мойындау қаншалықты ащы болса да, бұл ойлар босқа пайда болмаған еді, сөзсіз ақиқат жатыр.
Алайда, Аллаға шүкір, Жаратушы Раббымыз бізге мүмкіндік беріп, бүгінгі күніміздің таза парақшасын ашып берді. Енді осы ақ парақшаны жақсылыққа арнауға тырысу қажет. Омар ибн әл- Хаттаб (оларға Алла разы болсын) былай деген: «Сендерден есеп алынбай тұрып, өздеріңді есепке алыңдар, сендерді таразыламай тұрып, өздерің таразылаңдар, сендер үшін ең қауіпсіз күн ол – өздеріңді бүгін есепке алудан басталады. Амалдарыңды ұлы Қайту күніне даярлаңдар, ол күні сендердің ешбір сырларың жасырын қалмайды».
muslimat.kz