Жұмысбастысың, бірақ, жеміссіз бе?
Әдетте Рамазан айын бос өткізетін адам туралы айтқанда, ойымызға түнгі уақытын теледидар алдында өткізіп, күні бойы екінтіге дейін ұйықтайтын адам келеді. Алайда адамдардың келесі бір тобы бар: Олар жұмысбастылар – Рамазан айында Аллаһ Тағалаға құлшылық жасауға әрең уақыт табатындар. Олардың тіршіліктен/жұмыстан/жанұядан және тағы басқа шаруалардан қолы тимейді. Сонымен қатар, олардың Құран оқуға уақыты жоқ. Әйтеуір садақа берер, ал тарауих намазы дегенді сұрамай-ақ қойсаң да болады! Мұның өзі жаман емес қой, әйтеуір, жоқтан жақсы деуің мүмкін. Шындығында солай ма? Олар Рамазанды босқа өткізіп жатыр ма? Ажалы келіп бүгін өліп кетсе, сол “бизнес- тірліктері” пайда берер ме екен әлде “құр кеткен уақыт” болар ма екен? Өнімсіздіктің осы екінші түрінен абай болуымыз керек. Бұл бәрімізге қатысты. Әсіресе күн тәртібі толып жүретіндерге. Бас көтертпейтін тіршілікке енуіміздің нәтижесінде Рамазан қолымыздан оп-оңай сырғып кетуі мүмкін және біз ол үшін тек Рамазынның соңғы күнінде ғана өкінеміз.
Сондықтан осы жылы өкінбейтін болайық!