Есеп беру уақыты!
Рамазан айының үштен бірін өткеріп, жеткен нәтижемізге көз жүгіртейік.
Өткен 10 күнде қанша күн сәресін дәл таң намазының алдында іштің?
Өткен 10 күнде қанша күн таң намазынан кейінгі уақытта ояу болып, маңызды жұмыстарыңды таңғы уақытта атқардың?
Осындай жүйемен өткізген әр күн үшін өзіңе бір ұпайдан беріп отыр. Ұпай санының артқан сайын сен үшін Рамазан айының нәтижелік көрсеткіші де арта түседі. Төмендегі екі нәрсені істеу арқылы Рамазан айын барынша нәтижелі өткізуге болады:
Сәресін дәл таң намазының алдында ішу сені бүткіл күнге жеткілікті қуатпен барынша қамтамасыз етеді.
Таң намазы уақытында ояу жүру – Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «О, Аллаһым, үмметімді ерте таң уақытында жарылқай гөр!» деп еткен дұғасына ие болу. Сондай-ақ ерте тұрған адам түске немесе кешке дейін ұйықтаған адаммен салыстырғанда көбірек іс тыңдырады.
Егер осы сұрақтарға жауап беру барысында аз ұпай жинасаң, қалған уақытты барынша тиімді пайдаланып, Рамазан айын барынша нәтижелі өткізуге көшетін уақыт келді деген сөз. Айтқа дейін әлі 20 күн уақыт бар. Қалған уақытты нәтижелі өткізейік.