Кіршіксіз Рамазан. 6 КҮН
Кіршіксіз Рамазан. 6 КҮН

Рамазан айын пайдалы өткізуді тұрақты ету мақсатындағы күнбе-күн шайқасымызда кейбір физикалық мәселелерді ойлап кетеміз: Неше сағат ұйықтадым? Қанша сағат жұмыс істедім? Бүгін денемді шынықтыра алдым ба? Т.с.с. Бұлар, әлбетте маңызды, дегенмен, физикалық тұрғыдағы белсенділік негізгі мақсат емес, тек қана құрал екені есіңнен шығып кетпесін. Мұсылман ретінде, физикалық тұрғыдағы белсенділік бізге Аллаһ Тағалаға жақсырақ қызмет ету үшін және көбірек құлшылық жасауға, физикалық тұрғыдан мүмкіндігімізді күшейтуге көмектесетінін түсінуіміз қажет.  Ал, сенің ойыңда мына сұрақтар тұруы керек: Аллаһ Тағала менің оразамды қабыл ете ме? Намаздарымның барлығын, сүннеттерімен қосып уақытында оқыдым ба? Құран оқыдым ба?

Есіңде болсын, Рамазан айы күн батқан кезде ауыз ашар дастарханына жайғасумен ғана шектелемейді. Ол Аллаһ алдындағы иманыңның жаңа бір деңгейіне өз амалың мен әрекеттерің арқылы қол жеткізуге берілген бір мүмкіншілік айы. 

 

 

www.ProductiveRamadan.com 

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
7 лет назад 4037
0 комментариев
О блоге