Кіршіксіз Рамазан. 15 КҮН
Кіршіксіз Рамазан. 15 КҮН

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:

С: Физикалық шаршау мен еріншектікті қалай ажыратуға болды?

Ж: Өзіміздің еріншектігімізді физикалық шаршаумен бүркемелеу оңай. Тарауихқа тұрған кезде аяқтарымыз қалтырап, Құран оқыған кезде көздеріміз жұмыла береді, алайда мешіттен шыққан тұста, Құранды жапқан кезде өзімізді сергек сезіне бастаймыз. Біз осы мәселеде, яғни біз шаршап емес, жәй әншейін еріншектеніп жатқанымызға өте мұқият болуымыз керек. Еріншектіктің себебін табуға тырыс: шынайылықтың жоқтығы, әлсіз иман, жақсы істен рахаттануға жасаған күнәларың кедергі ме? Аллаһ Субхана уа Тағалаға «жалқаулықтан сақта!» деп дұға ет! Сен Рамазанды жақсы өткізгің келеді. Егер сенің денең шынымен де ауырып тұрса және соңғы бірнеше күн ішінде дұрыс ұйықтамаған болсаң, онда сен физикалық тұрғыда шаршағансың және шұғыл түрде демалуың қажет.

С: Жақсылық жасауды кейінге қалдыру, шегіндіру сияқты ойдан қалай арылуға болады?

Ж: Тасвиф – «істі кейінге қалдыру» дегенді мағына беретін араб сөзі. Бұл шайтан малғұнның қарапайым әдісі. Ал шын мәнісінде бұл оның ең мықты сұмдық әрекеті. Жақсылық жасаудың «керемет уақыты» келгенде жасау керемет естілуі мүмкін, алайда сол «керемет уақыт» ешқашан келмейді! Жақсылық жасаудың ең керемет уақыты – қазір! Есіңде болсын, Рамазанда жақсылық жасауға мүмкіндігің келіп, бірақ жасамағаның үшін ол күн қайтып келмейді және сен оны тек қана Ғарасат майданында ғана көре аласың. Ғарасат майданында өзіңнің Рамазандағы күндеріңді қалай көргің келеді. Жақсылыққа толы күндерді ме әлде жасалмай қалған жақсылықтарды ма? Егер сен қасиетті айдың ортасына келген болсаң, онда істің насырға шабуына жол берме! Оның орнына ендігі қалған аз күнге инвестиция құй!

 

Дәл осы күні, 14 ғасыр бұрын ұлы Бәдр шайқасы болған еді. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) мен оның сахабаларына жеңіс алып келген бұл шайқас жайындағы хикаяны бәріміз жақсы білеміз. Біз бұл оқиғадан қандай сабақ ала аламыз және бұл оқиғаның біздің еңбек өнімділігімізге қатысы қанша? Шайқас мұсылмандардың жеңісімен аяқталғаннан кейін Аллаһ Субхана уа Тағала келесі аятты түсірді: «Ал, Бәдрде (әскер жағынан) күштерің аз болса да (шын ықыласпен тәуекел еткен себепті) Алла сендерге жәрдем берді (Сөйтіп, сендер жеңіске жеттіңдер)! Сондықтан Алладан қорқыңдар (тақуа болыңдар) сонда шүкір еткендерден боларсыңдар» (Әлі Имран сүресі, 123 аят). Бұл дегеніміз кез келген сәттілік және кез келген жеңіс Алладан екендігін және Аллаһ жалғыз екендігін ескерту. Мұсылмандар өздерінің жеңістерінің негізі қайда жатқандығын ұмытпауы қажет. Кей кезде жоғары өнімділікке және үлкен жетістікке жеткен кезде, сол сәттіліктердің бәрі менің қабілетім мен білімімнің арқасында деп ойлауы мүмкін, алайда мұсылман әсте бұлай ойламайды. Әлемнің әр бұрышында езгіге ұшыраған бауырларымызға осы күні дұға етейік. Олар үшін Рамазан айы өте қиын өтуде. Біз олар үшін ең азы дұға ете аламыз. Пайғамбарымызға Бәдр шайқасына жеңіс берген, Күш пен Құдірет иесі Алладан езгіге ұшыраған бауырларымызға да жеңіс беруін тілейміз.

 

 

www.ProductiveRamadan.com 

 

 

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
7 лет назад 5181
6 комментариев
  • Айгерім, аударған адамның есімін неге көрсетпегенсіз? Біреудің еңбегін өзіңіз жазғандай пайдалану кісі ақысына кіру деген сөз. Ең құрығанда, жарияламас бұрын, автордан рұқсат алдыңыз ба?
    7 лет назад
    • Мейірмангүл ханым, түпнұсқаға сілтеме көрсету сұралған екен, сілтеме көрсетілуде. Түпнұсқа - ағылшын тілінде :) . Бұл жазбаны сіз де аударуға ат салысқан болсаңыз, онда Кімнің разылығы үшін деген сұрақты оқырмандарға емес, әуелі өздеріңізге қою керек пе еді :) ? Алла қалап, бұл кітап менің көзіме шалынбағанда, еліміздің 90 пайызы оқитын бұл сайтта еңбектеріңіз жарық көрмейтін еді ғоой, деймін да) Бірақ аудармашылар тобынан сіздің есіміңізді көрмедім.... ) Қаласаңыздар, жеке поштама жаза аласыздар aigerim.030988@mail.ru
      7 лет назад
      • Сізге Алла разы болсын!
        7 лет назад
      • Мен сізден түпнұсқаны емес, аударған адамның есімін көрсетуді сұрадым. "Мен жарияламағанда" деп олай кеуде соқпаңыз. Бұл материалды мен де жариялай алар едім, аударған адам да жариялай алады. Жарияламадық па, яғни қажет деп таппағанымыз. Өзіңіз күні түні отырып, көз майыңызды тауысып аударғандай сөйлеуіңізге жол болсын!
        7 лет назад
О блоге