Жан айқай
Жан айқай

«Пайғамбарым! Мүмін әйелдерге айт, бөгде ерлерден көздерін сақтасын, әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ, әуреттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Әуреттерін көрсетпесін» («Нұр» сүресі, 31 аят)

Қымбатты мұсылман қыздар! Тақуалыққа білім жинай келе қол жеткізесің, алайда, бар біліміміз Құранның ашық келген аятын түсінуге жетпегені ме??? Оқыңыздаршы, жоғарыда келтірілген аятты, оқыңыздар. Тағы да қайталап оқыңыздар. Енді, тағы да бір мәрте оқып шығыңыздар. Не түсініксіз??? 

Ендеше, неге Құдай әурет етіп белгілеп берген жерімізді Құранға сай жаба алмаймыз??? Осы жерде әрбір қыз жоқ дегенде екі я одан көп діни топтарға тіркелген. Соның жоқ дегенде біреуі жабынудың мәнін айтары сөзсіз. Айналайын, құрбылар! Бізге не болған? Неге Раббымыздын ұялмайтын болып кеткенбіз??? Батыстың құрып жатқан тұзағын бәріміз білеміз, әшейінде аузымыз көпіріп айтамыз сол жайлы. 

Ойлаңыздаршы, егер біз осылай киініп кетіп бара жатқанда 
алдыңыздан Фатима анамыз (ол кісіге Алла разы болсын) шығып қалса, не істейсіз? Етегіңізде шалбар, білегіңіз жартылай жалаңаш, көзіңізде тонна бояқ, ерніңіз күп- күлгін далап, басыңызда түйенің өркешіндей орамал... 

Осылай киінгеніңізбен қоймай, шариғатқа сай киініп жүрген қыздарға қаншалықты зиян беріп жатқаныңызды түсінесіз бе??? Білесіз ба, олар сол орамалға қалай қол жеткізгенін? Олар ата- анасынан ұрыс естіді, оқу орнынан сөгіс алды, достары да теріс айналған кездер болды, орамалы үшін оған төмен баға қойылды, көшеде де тіл тигізушілер табылды, "пәленше ұзын етек кимей- ақ, шалбармен, орамалын салпылдатып алдына түсірмей- ақ, басына орай салып жүр ғой" деді оған, ол қыз талай түндерін Алладан дұға тілеумен, оған осы бір сынақтың жеңілдігін беруін сұрап өткізді. Ол қыз әлеуметтік желідегі бейтаныс еркектердің лайк басуы үшін емес, Алланың алдындағы адами қасиеті үшін сол қадамға барды. Сол бауырыңыздың атына, желбіретіп жүрген Ислам деген туына кір келтірмеңіз. Кезінде орамалды қыздарға жақын келіп, сөйлемек түгіл, көзінің қырын да салып қарай алмайтын жігіттер де оранған қыздарға сіздердің себептеріңізден жеңіл қарайтын болғанын байқайсыздар ма??? Білесіздер ме олар сол қыздардың сыртынан не дейтінін? Ал олардың сондай ойға баруына кім түрткі болып жатыр??? 

Әлеуметтік желідегі қаншама топтың жүргізушілері, ер азаматтар сіздерге жандары ашып, қазақ қыздары үшін намыстанып, сіздердің ақыреттеріңізді ойлап "Әлеуметтік желіге суреттеріңізді салмаңыздар" деп өтініп жатыр. Ал біз болсақ не істеп жүрміз??? Сол өтініштерін оқып болып "Ма ша Аллаһ" деп астына пікір қалдырып қоямыз, ол жерде не сұрап жатқанынның байыбына бармаймыз да, тіпті оны оқитындар да аз. Әйтеуір "лайк" баса салады. Өтірік па? 
Ойланайық, құрбылар!!! Әкпелер! Сіңлілер!!! 

... Намаздан беріп рухтың несібесін, 
Ертеңгі өміріңді кім біледі 
Бүгіннен қалсаң бәлкім кешігесің, 
Батыстың бассыз кеткен бағытына 
Еліктеп неге сонша есіресің?
Батыспен қанды қырғын қылып кеткен
Әлия, Мәншүк жайлы не білесің? 
Батысты жылап жүріп жеңді олар 
Сен болсаң күліп жүріп жеңілесің, 
Үлгі алатын бізде де тектілер көп
Іздесең қазынаға көмілесің, 
Олардың биі бізге бақыт емес 
Құры босқа қадіріңді кетіресің, 
Зере емес, Ұлпан емес, сендер маған
Мадонна боп жатқандай көрінесің, 
Жаны ашын жүрген саған жігіттер аз, 
Ойланбасаң түбі бір өкінесің, 
Ойлансаң ой жетелеп нұрға қарай 
Күнәдан тыйылуға бекінесің, 
Сәждеге қойып басты тілек тілеп,
Аллаһтың жәрдемімен жетілесің. 
Намаз оқы, әпкелер, қарындастар,
Намазсыз ар-абырой табасың ба? 
Намазбен кірден, ластан арыласың 
Басыңа бөз орамал тағасың да, 
Орамал Жаратқаннан келген бұйрық,
«Шеш» деуге құқылы емес анашың да, 
Орамал оранбасаң орның төмен 
Мен айтсам сен осыған нанасың ба? 
Орамалсыз қыздарға қырындайды 
Жігіттер желігі көп санасында, 
Нәпсісі надан іске көндірген соң
Қорған бола алмайды ол панасызға,
Ал, орамал таққан қызға сол жігіттер 
Ұялып жарамайды жақ ашуға,
Кейбірі сөйлеп жақын келмек түгіл 
Көзінің түсіре алмас қарасын да, 
Селкілдеп сезім қуып жүргенімен
Уақытпен шама жоқ қой таласуға, 
Әке болу, жар сүю дегендейін
Салмақты ой сәуле салса санасында,
Иманды, ақ жаулықты жар іздейді 
Жалғанда сондай жармен бақ ашуға,
Осы жерден білерсің орамалдың
Қадірін, қасиетін, бағасын да,
Бүлінген бұл қоғамда бұдан артық
Қорғанышты іздесең табасың ба?
Ормал «Ұят» деген үлкен перде 
Ерлер мен әйелдердің арасында...

Жан айқайын жанұшыра жеткізген: Ақыреттік достарыңыз.

https://vk.com/club101826956 парақшасынан алынды

 

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
9 лет назад 5635
1 комментарий
  • Бір әйел заты әтірленіп, ашық-шашық киініп көшеге шықса, оған қараған барлық еркек атаулы бір бір күнә арқалап кете барады. Ал ол әйел үйіне қайтып оралғанша, қанша ер адам оған көз қиығын салса, сонша күнә арқалап келеді екен.
    9 лет назад
О блоге