МОЙЫН – ӘЙЕЛ БАЛАСЫНЫҢ ЕҢ ТАРТЫМДЫ ӘУРЕТІ
МОЙЫН – ӘЙЕЛ БАЛАСЫНЫҢ ЕҢ ТАРТЫМДЫ ӘУРЕТІ

Мұсылман қыздардың сән базары гүлденіп, бүгінде шарықтау шегіне жетіп отыр. Көптеген сәнгерлер шықты, тіпті оларды есте сақтау да мүмкін болмай бара жатыр.
Естен тандыратын бәсекелестікке қарамастан, әрбір өндіруші өзінің тұтынушысын да табуда. Тұтынушылары тек мұсылман қыздар ғана емес, нәзіктікке талпынушы барлық әйел жынысы сәнгерлердің көмегімен қарапайым әйелдің келбетін жасауға тырысуда.
Айта кетерлік жайт, мұсылман әйелдің сән үлгісінің ішінде үлкен сұранысқа ие болып жүрген киімнің бірі – шалбан, сәлде. Киім сөресіндегі осы бір «тәтті» бұйым кез келгенді бей- жай қалдырмады. Дәстүрлі әрі шығыс үлгісіндегі бұл киім түрін сәнқой қыздарымыз сәтті пайдалана білуде.
Міне, мұсылман сәнгерлері жалпыға ортақ трендті қағып алып, оны өздерінің сән үлгілерінде тиімді пайдалануда. Олар өздерінің тауарларын мойыны ашық, бірақ басына шалбан ораған сән үлгісін сахнаға алып шығушы қыздарға ұсынуда, өкінішке орай, бұл киім үлгісі қазіргі таңда хижабтың рөлін атқаруда.
Бірақ, басқа орай салған бір тілім матаның емес, хижабтың мағынасы мен мәнінің терең екендігін барша адам жақсы біледі. Хижаб жайлы Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) да көптеген хадистері бар. Сәлде — «Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: “Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла аса Жарылқаушы, тым Мейірімді» деген аят түспес бұрын ұлттық киімнің бір түрі болған.
Бір қарағанда, бұл ешкімге зияны тимейтін дүние болып көрінуі мүмкін. Бірақ кез келген жарнама жасайтын компания заманауи мұсылман қызының киіну үлгісін жасап, оны санаға толассыз сіңіруде. «Халал» деген беделді белгісі бар сәнгерлердің мұсылман қыздарға ұсынатын заттары қарапайым тұтынушыға да қол жетімді болып бара жатыр.
Осылайша кенеттен айналамызда жалаңаш мойындылар қаптап кетті. Басында сәлдесі бар, әуреті толық жабылмаған мұсылман қызды көру – Дубай көшелерінен ниқаб киген қызды көрген секілді қалыпты жағдайға айналуда. Хижабтың жеңіл түріне көшкен көптеген қыздарымыз өздерін жүректің тазалығы мен сауапты амал жасасам болды деп ақтап алуда. Оларда әурет деп саналатын жерін сыртқа көрсетуден қорқу сезімі жоқ, сірә – «мойын беттен алыс орналаспаған, ашық қалса, ешнәрсе етпейді» — деп ойлайды да, сәлде ораудың небір түрін ойлап табады. Олар солай деп жанталасып жатқан кезде, ғалымдарымыз мойын – әйел баласының ең тартымды әуретінің бірі деп жауап беруде.
Мойындау керек, маған да сәлде киген және де орамалды сәндеп таққан ұнайды. Алайда мойынды ашып жүру үрдісі, біздің патшалығымызда қуана қабылданбайтынын түсіндім. Біз өзге әйелдерге қарапайым жолды ұсына әрі соған дағдыландыра отырып, өзімізді өзіміз қалай шешіндіріп жатқанымызды байқамай қалудамыз. 60 жылғы киім үлгісін жандандырамыз деп мойынымызды жалаңаштап жатырмыз. Ал үлгі етіп, ізгі аналарымызды емес, заманауи әртіс әйелді келтіреміз.
Ислами киіну үлгісі бүкіл әлемдік үстемдікке ие болды деп айта аламыз ба? Әлі ерте. Шығыстағы сән үлгісі мәңгілік емес, ал хижаб, уақыт пен мекенге тәуелсіз біздің парызымыз.
Дей тұрғанмен, көрген- білген тәжірибемізге сүйене отырып, әуретті толық жабатын, өткеннің үлгісімен шектелмеген, керісінше ұстамдылықтың белгісі боларлықтай, сапалы және жоғары деңгейдегі киім үлгісін жасап шығара алатынымызға сенімдімін.
musulmanka.ru
Орыс тілінен аударып, өңдеген muslimat.kz

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
9 жыл бұрын 8459
1 пікір
  • "Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ " деген аяттың ақиқатын сезінгенімізге 14жыл болады.Аллаға шүкір.Алланың хикметі шексіз.Хиджаб- əйел адамның қоғамның ізгіленуіне қосатын өлшеусіз үлесі деп ойлаймын.
    9 жыл бұрын
Блог туралы