Кіршіксіз Рамазан. 8 КҮН
Кіршіксіз Рамазан. 8 КҮН

Сәресінен баста!

Рамазан айында жұмыс/тіршілік күніңді қай уақыттан бастайсың? Күнді ертерек бастаған дұрыс па (онда ауыз бекіту күнің ұзақ болады) немесе ұйықтай алғаныңша, тұру керек болғанға дейін ұзақ ұйықтаған дұрыс па? Менің кеңесім: сенің белсенді күнің сәресінен соң-ақ басталу керек (жоқ, қалжың емес!) Осыны бүгін/ертең жасап көргін және қалай сезінетініңді көр: Мүмкін болғанша ерте ұйықта (ең жақсысы тарауих бітісімен). Сосын таң намазынан бір сағат бұрын тұрып жақсылап сәресін іш. Тамақтан соң аздап дем алып, таң намазын оқы, шамалы Құран оқып жұмыс күнін баста. Күніне 1-3 маңызды шаруаңды жаса, олар жұмысыңа байланысты немесе жанұяға байланысты істер болуы мүмкін. Не болса да: Сол жұмыстардан маңызды ештеңе жоқ әрі оларды бітіру керек және ештеңеге басқа алаңдама. Көп хадистерде айтылғандай, сәресі-қасиетті, сондықтан оны өткізіп алма!

Күніңді сәресінен баста!

 

 

www.ProductiveRamadan.com 

 

 

Айгерім Есқожаева Айгерім Есқожаева
7 жыл бұрын 3727
0 пікір
Блог туралы