Қап! Сәресін өткізіп алдым!
Егер сәресін жіберіп алсаң, міне, белсенділікті сақтаудың 6 жолы:
1. Байбалам шығарма! Сабыр сақта, Құран оқы! Жақсы боласың!
2. Сәресін өткізіп алғаныңды көп ойлама! Күні бойы сәресін ішпегеніңді, кеше тек қана кешкі ас ішкеніңді есіңе ала бермегін. Осы ойлардың өзі күні бойы әлсіз болуыңа және күніңді тиімсіз өткізуге себеп болады.
3. Күніңді әдеттегіше жалғастыр! Бір атлет айтыпты: «Жаттыққан ойдан күшті ештеңе жоқ». Ойыңды тиімділікке жаттықтыр, өзіңмен атлет сияқты сөйлес және күніңді солай жалғастыр.
4. Қажет болса ұйықтап ал. Қатты қарның ашқанын сезсең ұйықтап ал. Ол саған уақыт өткізуге көмектеседі.
5. Бос уақыт қалдырма! Өміріңде Рамазан айында тез өтіп кеткен бір күн болды ма? Ол күнің толығымен бос болмаған шығар немесе ұнатқан бір нәрсеңмен айналысқан боларсың? Қазір де солай істеуге тырыс, сонда сәресін ішпегеніңді сезбей де қаласың, иншаллаһ!
6. Аллаһ Тағалаға күні бойы “көмектесе көр” деп дұға ет! Мына сүрені есте сақтағай: «(Аллаһым!) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!” (Фатиха 1:5). Егер біз Ол үшін ораза ұстап жатқан болсақ, оразамызға және оны дұрыс жүзеге асыруға Одан жәрдем сұрайық.