Қарт ананың ұлы мен қызына айтқан өсиеті:
Қарт ананың ұлы мен қызына айтқан өсиеті:

«Ұлым, қызым, менің қымбаттыларым... күндердің бір күні менің қартайып, қаусаған кезімді көресіңдер! Сол кезде, өтінерім, маған көңіл бөліңдер және мені түсіну үшін сабырлық танытыңдар. Егер қолымнан жеп отырған асым түсіп кетер болса, өз киімімді өзім кие алмайтын уақыт жеткен кезде, дәл қазыр өзім істей алмай отырған істерді сендерге үйреткен күндерді естеріңе алыңдар да маған сабырылықпен қараңдар. Егер менен жағымсыз иіс сезер болсаңдар, маған ұрыспаңдар, сендер таза жүрсін деп барымды салған күндерді естеріңе түсіріңдер.  Егер мен ақылға қонғысыз амал жасар болсам, маған күлмеңдер, керісінше менің ақылым мен көрер көзім болып, маған көмектесіңдер. Мен сендерге қалай өмір сүру керектігін үйреткен едім әрі Есеп күні жайлы ескерттім. Менімен әңгімелескен кезде менің жай сөйлеуімнен жалықпаңдар, ойлау қабілетімнің баяулығынан шаршамаңдар әрі есте сақтау қабілетімнің төмендігі сендердің ашуларыңа тимесін, себебі қазіргі менің бақытым -  сендердің жандарыңда болып, сендермен әңгіме- дүкен құруда емес пе? Егер менің аяқтарымнан күш кетіп, жүрген кезде сүрінер болсам, маған жұмсақтық танытыңдар, себебі өздерің тәй- тәй басып, жүріп кетпейінше қолдарыңнан жетелеген едім. Бүгін менің қолымнан ұстауға ұялмаңдар, ертең өздерің қолдарыңна нұстайтын адамды іздейтін боласыңдар. Мен сендер секілді өмір ағысына қарсы жүзіп жатқаным жоқ, керісінше, мен өмірден өлімге аяқ бастым әрі оны жеңіл келер деген үмітпен тосудамын. Сондықтан да мені жалғыз тасамай, менің жанымда болыңдар. Егер менің қателіктерім естеріңе түсер болса, ешқашанда сендерге жақсылықтан өзге тілерім болмағаны естеріңде болсын.

Маған дәл қазыр жақсылық жасағыларың келсе, мені кешіріп, кемшіліктерімді жасырыңдар, сол кезде Аллаһ тағала да сендерді кешіріп, кемшіліктеріңді жасыратынын біліңдер. Сендердің жарқын күлкілерің мені бұрынғыдан да артық қуанышқа бөлейді, мені орталарыңнан шеттетпеңдер. Сендер туылған кезден бері мен жандарыңдамын, мен өлген кезде де менің қасымда болыңдар. Мені ана өмірге шығарып салыңдар. Әрі мен үшін әр намазда өзім жаттатқан дұғаны оқуды ұмытпаңдар...»

Бұл өсиет анасының көзін мөлдіретіп қарттар үйіне тастаған жандардың жүрегін жібітер, ата- анасын қадірлей алмай жүрген бауырларымызға ой салар...  

Айгерім ЕсқожаАйгерім Есқожа
2 года назад 1045
4 комментария